Пән мұғалімдері, сынып жетекшілермен жүргізілген семинар
«Қалыпты және дисфунционалды отбасы. Дисфунционалды отбасымен қалай жұмыс жасауға болады?»
Мақсаты: Қалыпты және дисфунционалды отбасына ғылыми тұрғыда сипаттама беру, және мұғалімдердің осы отбасыларымен иновациялық қатынасы, жұмысы.
Семинар жоспары:
1.Семинардың ашылуы:
Алғы сөз. Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Нұржанова Г.С.
1. «Қалыпты және дисфунционалды отбасы» тақырыбында баяндама,слайд Омирова А.О.
2. Дисфункционалды отбасымен қалай жұмыс жасауға болады?», «Ата-ана мен бала қатынасы» отбасындағы тәрбиелеу стильдері психологиялық әдістемелермен таныстыру. Жүнісова Н.З.
3. Рефлексия. Семинарды қорытындылау барысында мұғалімдер пікір алмасып ойларын ортаға салады анкета толтырады.
«Ата-ана мен бала қатынасы» отбасындағы тәрбиелеу стильдері
Құрметті ұстаздар!
Қазіргі кезде психология ғылымында қарым-қатынастың дамуы -күрделі, көпқырлы және көпдеңгейлі процесс, бұл психикалық процестер мен адам даралығын зерттеуде қолданылатын нағыз қажет тәсілмен бірдей.
Психология ғылымында «ата-ана мен бала қатынасы» түсінігімен отбасындағы тәрбиелеу стильдерінде, ата-аналардың рөлдері мен бағдарларына көрініс беретін балалармен барлық қатынас түрлері анықталады.
Ата-аналар бала өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін адамдар болып табылады.
Психологиялық әдебиеттерде әке мен шешенің балаға эмоционалды қатынасын анықтау үшін «ата-ана позициялары» түсінігі де қолданылады. Ол нақты әке мен шешенің өз баласына қатынасы мен жалпы барлық балаларға деген көзқарастарын білдіреді.
Психологияда отбасындағы тәрбиелеу стильдері 3 түрге бөлінеді.
1.Авторитарлық
2. Тәрбиеден тыс өз еркіне жіберу. (Попутительски либеральный)
3. Демократиялық
1. Мұндай отбасындағы ата-аналар, балалардың өз бетінше шамадан тыс жүріп-тұруын қаламайды, қатаң тыйым салады. Олардың ойынша бала айтқандарынан шықпай, қатаң тәрбиесін бұлжытпай орындауы керек.Тіптен баланың өзінің тәртібін дұрыстауына мұрша бермей, өз айтқандарын орындатуға мәжбүрлейді.
Баланыі өз бетімен жұмыс жасауына, ойлауына, қозғалысына, еркіндігіне тыйым салады, баланың іс-әрекеті үлкендердің алдында дұрыс болған күннің өзінде еркіндігінен айырады. Ата-ана мойындамайды.
Балаға
-қатаң бақылау
-қатаң жазалау
-қатаң ескерту
Осындай отбасында қандай бала өседі?
Баланың ішкі жан дүниесі бос, тек сырттай бақылау механизмі қалыптасады, балада қорқыныш, алаңдаушылық, жазалау кезінде өз кінәсін мойындамауы.
2. Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі байқалады. Ата-аналар балаларына бақылау жасауға қалыптаспаған, өз еркіне жүрулеріне жол береді. Балалардың мінез-құлқындағы ашу, дөрекілігіне мән бермейді. Баладан жауапкершілікті сезінуді талап етпейді.
Осындай отбасында қандай бала өседі?
- өзін-өзі басқару жауапкершілігі қалыптаспайды
- барлық жаңалықтан тыс қалады
- әлеуметтік тәртіп нормасын қалыптастыруға ешқандай көңіл-күйі болмайды
Мұндай балалар дұрыс тәрбиелік жолды таңдаудан да қорғалады.
3. Дұрыс қалыптасқан отбасы.
Мұндай отбасында - барлық материалдық, рухани, адамгершілік және психологиялық қатынастар қалыптасқан.
1. Духовная – ішкі жан дүниесі таза, өмірге деген көқарасы түзу
2. Материалдық-толық жанұяның материалдық жағының жеткілікті болуы. Әке-шешесі жұмыс істейді табыс табады. Ата-ана балаға түсіністікпен қарайды, балаларын жақсы көреді, оларды жазалаудан аулақ болады. Жақсы-жаманды айтып түсіндіреді. баланы шамадан тыс мақтамайды, баланың жүріп-тұру тәртібін қадағалайды. Оларға үнемі көмектеседі, бақылау жасап отырады, баланың істеріне дұрыс көзқараспен қарайды. Мұндай жанұяда барлығы ата-ана сүйіспеншілігі арқылы жүзеге асады.
Осындай отбасында қандай бала өседі?
- жауапкершілігі мол
- сенімді, адал
- ата-ананы тыңдай біледі
- өзі шешім жасай алады
- өз көзқарасы қалыптасқан
Осы аталған үш стилдегі ата-ананы біз пән мұғалімдері, әсіресе сынып жетекшілері қалай анықтаймыз? Ондай ата-анамен қалай қарым-қатынасқа түсеміз. Ата-ана әр түрлі. Ата-анамен сөйлесу арқылы қарым-қатынасқа түсеміз. Ол жеткіліксіз. Сынып жетекшісі оқушыны жан-жақты тану үшін не істеуі керек?
Оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін
(жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды.
Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді, отбасы кездестіріп отырған қиыншылықтарды жеңу мақсатымен, ата-аналармен тығыз байланыс орнату қазіргі мектептің ең басты міндеті. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады.
Әрбір нақты жағдайда мектеп, мұғалім, сынып жетекші ата – аналарға қателердің зардаптарын көрсете білу тиіс, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде ата- аналармен бірлікті оңды нәтижеге жету үшін күш салу тиіс.
Ұлы педогог В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді. Бала жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларға сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау.
Бақыт алуан қырлы. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.
Мектеп өміріндегі мұғалім басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып ғана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Сынып жетекшісі белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сынып жетекшісінің жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты оқушыларды жан-жақты білуі. Сынып жетекшісі –өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Қазіргі ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырттықтары басым. Уақытын өткізіп алып, тәрбие беруге кеш қалып жатқандары да бар. Ендеше ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту, тығыз қарым-қатынас жасау мынадай әрекеттер арқылы орындалады.
- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық күні
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар
- мектеп пен сыныптың материалдық техникалық базасын күшейту
- сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету
- шефтік көмек
- ата-аналардың мектеп кеңес жұмысына қатысуы
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі -құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы керек.
Сынып жетекшілерге Ата аналарға арналған тренинг ұсынылады.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Өткізген: мектеп психологтары: Омирова А., Жүнісова Н.



