СауалСайтқа кіруауа райы
СтатистикаПросмотры материалов : 222948Қазір сайтқа кіргендерСейчас 7 гостей онлайн |
«№53 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі оқушыларға өз есігін 2006 жылғы 1 қыркүйекте ашты. 2008 жылы орта мектеп жаратылыстану-математикалық бағыттағы «№53 мектеп-лицей» болып өзгертілді. Жобасы 1200 оқушыға есептелгенімен, қазіргі уақытта оқушылар саны – 2169 оқушыны құрайды. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мектепте 128 мұғалім жұмыс істейді, соның ішінде: жоғары санатты – 28бірінші санатты – 39, педагогикалық ұжымның 51,2% құрайды.
Мектепте 380 орынға арналған салтанат залы, 380 орындық асхана, 523 шаршы метр көлемді спорт залы, спорт алаңы, 30 орындық оқырман залы мен Интернет желісіне қосылған 13 компьютері бар кітапхана, медициналық, стоматологиялық кабинеттер бар. Мектеп-лицейде барлық компьютерлері Интернет пен жергілікті желіге қосылған 2 информатика кабинеті, 3 мультимедиялық кабинеттер қызмет атқарады.
Мектеп-лицейде көркемөнер мектебі мен өнер мектебінің филиалдары бар, қызығушылықтарына қарай спорт секциялары мен түрлі үйірмелер жұмыс атқарады.
Педагогикалық ұжымның шығармашылық қызметінің нәтижелері «Шаттық» сайысының алтын және қола жүлдегерлері, қала мектептері оқушылары арасындағы ғылыми жобалардың жеңімпаздары, қалалық пән олимпиадаларының, «Кенгуру», «Золотое руно», «Ақбота», «Русский медвежонок» халықаралық интеллектуалдық сайыстарының жүлдегелері болып табылады.
__________________________________________________________________________________________ Биылғы жылы мектебімізде яғни, №53 мектеп-лицейінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен «e-learning» электрондық білім беру пилоттық жобасын іске қосу шарасы өтті. «Бұл жаңа оқу жылында электрондық білім берумен қамтылатын Астана мен Алматы, сонымен қатар Қарағанды облысындағы 44 білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер, кәсіби лицейлер) арасындағы пилоттық жобаның тұңғыш іске қосылуы».
___________________________________________________________________________________________
"Біз - астаналықпыз" Өмірді тану - өзіңді тану Мемлекеттік тіл - менің тілім!
_____________________________________________________________________________________________
![]() Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік мекеме
"№53 мектеп-лицей" Астана қаласы Қарқабат көшесі 17 инд. 010009
тел.: +7(7172) 28-36-30 эл.адрес. sh53ast@mail.ru
Мемлекеттік лицензия №0035286 14.11.2008ж.
Автобус аялдамалары:
1. «Тұран» мейрамханасы №3; 4; 14; 16; 19; 44.
2. Л.Мирзоян көшесі №2; 3; 19; 35; 40; 41; 44.
_____________________________________________________________________________________________
|